LyricFind Logo
LyricFind Logo
Profile image icon
Lyric cover art

Мама

Apple Music logo
Deezer logo
Spotify logo
Lyrics
Анашым, сүйіктім
Мен үшін күйіп біттің
Қанша түн кірпік ілмей
Аман келсін деп күттің
Барыңды салып
Ошақты ұйыттың, мама
Мама-а-а
Түнің тыныш болсын деп
Ұйқыңды қиып кеттің
Жинаған тергеніңді
Алдыма үйіп төктің
Әкемді серік қылып
Дедің оған сүйіктім, мама
Құласам көтерген сен едің
Жыласам жұбатқан сен едің
Бердің барыңды жаныңды
Келді енді менің кезегім
Құласам көтерген сен едің
Жыласам жұбатқан сен едің
Бердің барыңды жаныңды, мама
Қате жасадым білем
Жақсы болсын дегенім
Тіршілік-тірлік күн көріс
Үйгеде көп келмедім
Қоңырауыңды алмай
Уақытым жоқ деп едім, мама
Өзіңмен өткен әр күнім
Екен ғой ең бақытты
Бала болып оралсам ғой
Сағындым сол уақытты
Жып-жылы еді құшағың
Тамағың сондай тәтті, мама
Құласам көтерген сен едің
Жыласам жұбатқан сен едің
Бердің барыңды жаныңды
Келді енді менің кезегім
Құласам көтерген сен едің
Жыласам жұбатқан сен едің
Бердің барыңды жаныңды, мама
Құласам көтерген сен едің
Жыласам жұбатқан сен едің
Бердің барыңды жаныңды
Келді енді менің кезегім
Құласам көтерген сен едің
Жыласам жұбатқан сен едің
Бердің барыңды жаныңды, мама
Құласам көтерген сен едің
Жыласам жұбатқан сен едің
Бердің барыңды жаныңды
Келді енді менің кезегім
Құласам көтерген сен едің
Жыласам жұбатқан сен едің
Бердің барыңды жаныңды, мама

WRITERS

Қуандықов Асылан Бауыржанұлы

PUBLISHERS

Lyrics © Iricom US Ltd

Share icon and text

Share


See A Problem With Something?

Lyrics

Other