Тек таза жасайтындар азақ
Көбейді жалған сайқы мазақ
Айтатын сөздері "бла—бла"
Ет жемесек жемейік, етекті жап қарындас
Бұл дүниеге ақын келді, тәтті сөзге ол аспаз
Надан сөзімді ұқпас, атақ пен мұра—мирас
Қылжақбастар бетін аш, қаш эй әрі қаш
Жер астында тығылып, жаттық біраз тынығып
Енді кезек бізге сәт, рұқсат болса ән айтсақ
Таптап, сананы улап, орап барады
Тарады ақпараттар, дейді жалғандар "жарады!"
Хақты жыр еткен қауым, ортақ бағытты тауып
Түркі тілдес халықтар бір—біріне болды бауыр
ERA 89 Ашхабаттан соққан дауыл
Қобыз бастан тепті ау, хардкор өте ауыр
Old School, New School, сақталсын дәстүр
Рэп менің кәсібім, ет түйірген әсібім
Жолдан адаспа, кері қайт бері кел
Атақ, беделді қой, орныңнан түрегел
Аллаға тәуекел, шипалы — бұл Rap
Қара ала көшеде астымда арғымақ
Киелі шаңырақ жатпасын аңырап
Жұдырықты жұмғансоң, қалмайық жамырап
Рахманның әскері, демеусіз әр істері
Құрбаны болсын мейлі, жол көрсетер іздері
Ел үшін аққан тері, езілген жүректері
Жасалуда жан—тәнімен еңбектері
Кері қарай жүйеге қозғалыс бір баппен
Олай—бұлай ауытпай, нағыз ырғақпен
Хақты айтар топ, танитыны таниды
Бір жол, ой, мақсаты бір – Hip—Hop'пен