LyricFind Logo
LyricFind Logo
Profile image icon
Lyric cover art

Jenimpaz Urany

Apple Music logo
Deezer logo
Spotify logo
Lyrics
Аль Nasr:
Ереулі атқа ер салмай
Егеулі найза қолға алмай
Еңку—еңку жер шалмай
Қоңыр салқын төске алмай
Сақалы шығып жат болмай
Ат үстінде күн көрмей
Ашаршылық шөл көрмей
Өзегі талып ет жемей
Ұлы төске ұрынбай
Түн қатып жүріп түс қашпай
Тебінгі теріс тағынбай
Темір қазық жастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?!

Кеудең отқа толы, білекте күш тасуда
Екі алып палуан боз кілемде ұстасуда
Ашу ызаны шашудан алыс қашу қажет
Ұлы бұл даланың шешімі сол: жекпе—жек

Ақтық демің шыққанша, шайқас қызу үстінде
Зіл тәнің, зіл—заладай қопаруға кірісуде
"Вазари" аз әлі деген ой, алуда мазаны
Қара термен таза ми, батырдың бұл азаны

Жазадан қорғаның, кеудеңдегі иман ол
Әзірлеулі сауытың, тері сіңген сауытың
Майдан татамиде, байқа "ко—ути—гари"ден
Атаң бата берумен, сардар туды әр үйден

Жамбасқа ап, дүп түсір, тисін екі жауырын
Шалып жық, алып ұр, білсін алаш ауылын
Дау дауылдың қара мысын басқан бауырым
Ердің ісі осы деп, қаулы қойған қауымың

Қайырмасы:

Батыл жүрек амалын тап мұңайма
Атыла кет, дәл сенікі бұл айла
Ұлы майдан ызғары соқпаған оң айға
Ұлы алып бабадан палуан тумай ма?

EYA:

Только так, мы побеждаем это время
Медалями и рекордами
Приходим и уходим гордыми
Только так, мы набираем обороты
Нас называют чемпионами
Нас создали давно быть первыми
Только так!

Masta:

Ержүрек, алып күш, бойды кернеген намыс
Аттанып ұлы майданға, жеңіс ауылы алыс
Еңбегімнің жеңісі сірә нәр берер
Әлемдердің Раббысы маған бүгін жәрдем бер

Пайғамбарымның сүннеті, дәстүрі ата—бабамның
Бозкілемде жанпида, бар ынтамды саламын
Күрес қанда бар, көрермен таңданар
Белдескенде екі ер, жаны жайсан жай табар

Ұраным жаттаулы, жігерім сақтаулы
Көршілеріме қарап, балтам да қайраулы
Шешімі бұл даудың кілемде орын табар
Тәуекелге бел будым жүректе ол да бар

Қарсыластан қорқу біздің елге жат ұғым
Өлсем өліп кетейін намыс үшін дәл бүгін
Шыдам шекке жеткенде күш берер сол намыс
Маған қауып төндірмес қоян өлтірген қамыс


Қайырмасы:

Батыл жүрек амалын тап мұңайма
Атыла кет, дәл сенікі бұл айла
Ұлы майдан ызғары соқпаған оң айға
Ұлы алып бабадан палуан тумай ма?

EYA:

Только так, мы побеждаем это время
Медалями и рекордами
Приходим и уходим гордыми
Только так, мы набираем обороты
Нас называют чемпионами
Нас создали давно быть первыми
Только так!

PUBLISHERS

Lyrics © TUNECORE INC, TuneCore Inc.

Share icon and text

Share


See A Problem With Something?

Lyrics

Other