Жыламасын сәбилер, ей аналар мен әкелер!
Бұл өмірде адаспасын, дені түзу тәрбие бер!
Жаралама жүректі қаралама
Балаға иман, білім иегер, жыламасын
Жыламасын бұл өмірде сәбилер!
Ойы әппақ, жаны талмас, қылығы тәтті
Оларды мына күнде, кім жылатты?
Періште мінез, жүзінде нұры хақтың
Адамзат ісінде олар, үмітін оятты
Ертегі әлем, ғажайып дүниесі
Ойы таза, айтқанына иілесің
Сұрақ қойып танысады бұл әлеммен
Қалай болар екен? Таныс десем әкеңмен?!
Болашағым, балапаным өзіңмен жүздесуге асығамын
Сен үшін бәрін, сен үшін осы әнім!
Сенсің өмір мәні, менің де әке—шешем айтады осыны әлі
Сәбилер туылса ашады, өмір есігін
Кіндігі кесіліп, атасы қояды есімін
Нәсіп етіп, тәңір береді ұрпақты
Ал кейбірі болашаққа балта шапты
Жыламасын сәбилер, ей аналар мен әкелер!
Бұл өмірде адаспасын, дені түзу тәрбие бер!
Жаралама жүректі қаралама
Балаға иман, білім иегер, жыламасын
Жыламасын бұл өмірде сәбилер!
Атан—анасыз бозторғай сәбилер биікке ұшады
Кездейсоқ жалған өмірменен қауышады
Іздейді ана құшағын, балалық шағы
Дүние, билік, ақша, қызықтырмайды жанын
Ниеті әлі таза, тазалық қанында
Қуанышы тек, адам болып туылғанында
Жер жаханға естілсін, ащы дауысым
Басшы ақыл, ашады жүрек қуысын
Туылсын періштелер, жерге әкеп бақытты
Қуылсын арамы пиғыл, кезегі сол уақыттың
Түңілмесін, күлімдесін, адамзат санасына
Бұл жырым тек шын, сәбилер үшін
Нұрға бөлесін, әр—бір үйлер ішін
Жаралы жүрек, бақытын іздеп
Тәңірден тілеп, қайда анам деп
Түсінер бәрін, ақыл—ой есі
Жеңісті күннің, жүректе бар ғой бейнесі
Сезімі берік, кетеді кезіп
Барша бұл әлем, сәбимен еріп
Ертеңгі әр күн, мыңызды оған
Аман болсын, адам болсын сәбилер
Жыламасын сәбилер, ей аналар мен әкелер!
Бұл өмірде адаспасын, дені түзу тәрбие бер!
Жаралама жүректі қаралама
Балаға иман, білім иегер, жыламасын
Жыламасын бұл өмірде сәбилер!