Барлық мақтау да, мадақ, бүкіл әлемнің раббы Аллаға тән
Аса қамқор, ерекше мейрімді
Қияметтің патшасы — я Аллаһ
Әрі сенен жәрдем тілейміз
Бізді тура жолыңа сала көр
Нығметіңе бөленгеннің жолына
Адасқан мен ашуға ұшырағандардың жолына емес
Екі дүние раббысы "Мутакаббир" Аллам
Ғайыптан адам сеніміңе қадам басқан
"Мен оттан, ол топырақтан" – деп, көкірек қаққан
Сұлу әнмен зікір салам, ұлы Рахман
Жаһаннам отта Ібілісті ертең лағынет атқан
Кез келер жүзі жанып әскеріңе де
Періштелер "тозақи" деген алқа таққан
Аллаға иманы мықты басын иді
Сәжде қылып пендеге, нәпсі тыйды
Сол күннен атамыз Адам ғалейһис—сәлям
Кенішке бөлеп, періште жанды, мәңгі сүйді
Жаралып нұрдан періште, ғайып бейне
Қалыпсыз түр—түске ене бере
Бойсынар Рахманның әміріне
Еміренер, жынысы жоқ болып
Бөлінбейді ол еркек не әйеліне
Мункар, Накир қабірде әсте
Толабуль ғильми фәридатун ғала кулли муслимина уа муслимәт
Джәбреиль ғалейһис—сәлям:
Күмәнсіз саған иман еттім
Иман еттім расуліміз Мухаммедке
Иқро! Биссми роббикәл—ләзи холақ
"Тәурат"," Забур", "Інжил", "Құран"
Жәбреильден уахи болғаны аян
Елші болып пайғамбарға сыбыр қаққан
Хақтан сүре, аят, шариғи заңда Алладан
Дара тұлға, табиғат алаңына бақылау бола
Айы туып, таза ауа аспанда ала
Нөсер жауар топырағы мен суына
Жел де ұрар бұлт артынан тауға қуа
Періштесіз қозғалмас, шаң тозаң да ғаламда
Төрт мезгіл, суық қар, топаныда
Жеміс піспей жетіле ма?, әмірінсіз
Ажалдан қорған таппаған, әлсіз ғой адам
Өлімге сәл—ақ қадам алаңдатқан
Денеден рухты келіп ажыратқан
Өлшеп берген уақытта жетті
Кешікпей жүздесерсің тәңірмен енді
Жан тапсыр! Әзреиль келіп қақты есікті
Иманы жоқ пенде құртты ниетті
Жүрісті өзгертіп батыстан
Жында, періште де мерт кетті
Әділетті сот хұзырында адам
Жасағанда амалына есеп етті
Алланың жәрдемі өте жақын...!