Көкжиекке тығылып күн жылжиды солай уақыт
Үлбiреп сорлары қалды таспа жолдарды уатып
Жапырақ жерде қурап жамырап жаурап ұшады
Көңiл де дәл солай бұл қоңыр күз нышаны
Сезiм ағыл—тегiл ай көзi ап—анық
Ақын отыр ойда түн шырмауына маталып
Айтар ойын түптеп күмiспен күптеп өңдеп сапасын
Әйтпесе айтпаса өледi сөздiң атасы
Қашанғы өше ме осы бiр дертiм
Өмiр өкiнiшке толы бiр келкi
Әлде болар маңдайымның соры бәлкiм
Бiрақ менi түсiне бермейдi әркiм
Деп сiлкiп салды өзiнiң жан—дүниесiн
Бiлем сен деген сәттер де дәл осылай күйiнерсiң
Жабығып айналаңа көктем сiрә тек түске енедi
Сабыр күзден кейiн бiлесiң әлi қыс келедi
Сұрғылт тартып түстенедi солып суық қа тоңып
Айналып желмен айдалып лайға қаңбақтай қонып
Жапырақтың ғұмырындай көңiл тауып тұғырын
Ақын ақырын аңғарды ақыры күз ұғымын
Қанша ескi белестер көз жұмсаң елестер
Сақта жадың да сақта сен есте
Бiрақ сен ескер және тiк назарға
Сен күткен әлi де жаз алда
Абадан әуен адамзат жанына азық
Ақан сөз жазып отыр әні ой қазып
Нәзік жүрегі ұлықтайды хақты
Артынан қоңыр күз есікті қақты
Қоңыр күз, тағы бір аялдама
Есейіп адам надан не дана
Қайдан келдім? қайда барам?
Сен күткен әліде жаз алда