Аяқтан шалса егер, тізерілеп ығыстырам
Құлап жатып шабуылды әрі қарай жалғастырам
Еңсені көтер жауынгер, осы біздің бас ұран
Жеңілсең жер көтерер, тәуеклге бас бұрам
Бұл сайыс таныс маған, тіпті бала кезден
Бабалар қылыш көтеріп, тіпті дала кезген
Қанды шайқасқа түсіп, құрбандары намыстың
Арыстан жауынгер ұлдарымен таныстың
Тоқтаусыз келер күрес, ашуым жұдырықта
Менімен бәсекелес, жауым тығырықта
Қақпаныма түскен ол, енді қашып құтылмас
Кімнің—кім екенін біліп, ендігәрі ұмтылмас
Былғары қап шебері, бұл күрестің ардагері
Соңғы шайқас алаңы, шабытымның иегері
Жинаған тәжірбием, жолсерік боп ереді
Өз бұрышында тұрып, ұстазың дем береді
— Жат бейнеңе біл шаттанамын кейде мен
— Пәк пиғылың байыпты болсын нақ қимылың
— Дат бейнеден арылуда алып күш билеген
Сайысқа шығарыңда арам пиғылмен қоштас
Көкіректік пен тәкәппарлық ұзаққа апармас
Бас алаң батырларға мәртебе екенін біл
Мәреге жеткен күні, рухың көрінер тұтас
От, мұз екі алып, былғары қолқап шебері
Төрешілер дабыл қағып, шайқайды кемені
Жауынгер шеберлер жұдырықпен сыр бөлісіп
Оңай келмейтін жеңіске куә болар аққан тер
Ысқырық пен айғай шу, естілуде мінбеден
"соқ қане, соқ аямай, қаттырақ ұр" — деген
Ринг ішіндегі биің, көбелектей ұшқан күйің
Төзім танытпаса рух, батыр болып қалу қиын
Дүйім жұрт куәгер, болғаныма от, құйын
Лаулап алып өртесем, байсалдылықпен күйін
Инь—янь тарпалыс, жүйкең құрып, тән таймас
Қол көтерілген бір сәт ешқашан ұмытылмас
— Жат бейнеңе біл шаттанамын кейде мен
— Пәк пиғылың байыпты болсын нақ қимылың
— Дат бейнеден арылуда алып күш билеген
Серік Сапиев алаштың қайсар ұлы
Дүркіреткен пах ұрып Серіктей Саматұлы
Батылым деген ел Жұмаділів Болаттай
Мұхтархан Ділдабек, Гена, Серік Қонақбаев
Бахыт Сәрсекпаев, Артаев Бахтияр
Галиф Жафаров, Ибраимов Ермахан
Батыл көп аталмаған, атақтары жер жартын
Өшпес атың мәңгілік Бекзат Саттархан