LyricFind Logo
LyricFind Logo
Profile image icon
Lyric cover art

Salem Hat

Apple Music logo
Deezer logo
Spotify logo
Lyrics
Аль Nasr:

Бұл біздің әлем, жүрегі ашық
Ақылы ояу бауырларыма сәлем !
Кеңпейіл, қарапайым, болып жатпайық
Байып кетсеңде, ету керек қимыл—әрекет

Бұл рэп бермейді саған тіпті нан әкеліп
Сол үшін еңбек ет, ұмытпа Hip—hopты
Айтатыным бір тілек, рухты көтеретін
Жаса, таза қазақша трэк

Саясатты баяғыда таныдық
Сананы оятатын пікірлерді боядық
Оқып, білім ал, жаса адал амал
Өмір қатал, ақыл иелері үшін қазақта бар мақал

Қате дағдарыс, сағымыңды сындырмасын
Жатасың үйде, жәй омалып жатасың!
Жұмыс жоқ, сыраға тиын табасың
Ауданда топ, топ, топ, топырлағандар арасы

Қара—ала көшеде, жастар өшуде
Таза рух, тек таза денеде !
Жанды мәпеле, құртады сананы бәле
Бір дене секілді келеміз бір кемеде



Қайырмасы:

Сә—лем, Джихадтан
Хақты сен қарсал
Ә—уен—дет ескі мектептен ал
Ха—ха—ха хааа
Жұртыма жолдайын
Жыр, жыр, жыр айтайын
Һей ағайын!
Тек өзіңе арнаулы
Сә—лем ха—тым дайын

Masta:

Білмейсің бе әлі, досым осы пәк дәмі
Өйткені бұл жаңа Саламалек әні
Жұртыма жолдайын, тыңдасаң айтайын
Сен жұлдыз болсаң, мен қарапайым аймын

Құлақ сал, ұлтыңның қамын ойла
Өзіңді тый, бұл өмір бір белес
Керек емес, жамандық, напсі, зұлымдықпенен күрес
Джихад деген осы, рухани төбелес

Бүгін қатені түзе, іс қимылды түзе
сөз бен тілді түзе, жүріс—тұрысты түзе
Оян алты алашым, көзіңді ашып
Тыңдашы, естімесең әлі... бұл әуенге бәрі ғашық

Тар дүниеде түр—түрлі заң бар
Ақылсыз тек қана жануар
Мінезі тура адамдар
Бауырым мынаны аңғар
Надандар деп аталар – жоңғарлар

Ұмытып өз тілін жасөспірім
Халқы мұсылман, қорлады өз дінін
Ұмытқан өзігін, осыны сезді кім ?
Намыстан жаралған ел, безді бүгін

Қайырмасы:

Сә—лем, Джихадтан
Хақты сен қарсал
Ә—уен—дет ескі мектептен ал
Ха—ха—ха хааа
Жұртыма жолдайын
Жыр, жыр, жыр айтайын
Һей ағайын!
Тек өзіңе арнаулы
Сә—лем ха—тым дайын

PUBLISHERS

Lyrics © TUNECORE INC, TuneCore Inc.

Share icon and text

Share


See A Problem With Something?

Lyrics

Other