Басында бәрі жақсы болады дейді әр үйде
Арты жаман болатынын маған дәлелде
Қанша уақыт өтті екеуміз біргеміз әлі де
Тек сенімен жеткім келеді мәреге.
Ол сені сүймейді дегендерге сенбеймін
Менің жүрегім әрқашан да сен дейді
Сенің құшағың менің жанымды емдейді
Сені жаным жоғалтқым келмейді.
Көзіңнен төгілген жас жегідей жейді
Өткен сынақтар әлі есімнен кетпейді
Қасымда болмасаң, уақытым өтпейді
Екеумізге бұл өмір жетпейді
Сездіресің маған алысты да жақынды
Жоғарыға шығарғың келеді атымды
Ешкімге бермей сақтайсың менің затымды
Сездіресің маған алысты да жақынды
Жоғарыға шығарғың келеді атымды
Ешкімге бермей сақтайсың менің затымды
Ең бірінші сені көріп ауызымды аштым
Ал сен менің көзімді аштың
Өзім әрең көтеріп жүргенде
Қазір еске алсақ екен қызық кез
Ақылсыз махаббат және бұзық кез
Өзімізше есейгіміз келген тез
Көзіңнен төгілген жас жегідей жейді
Өткен сынақтар әлі есімнен кетпейді
Қасымда болмасаң уақытым өтпейді
Екеумізге бұл өмір жетпейді.
Сездіресің маған алысты да жақынды
Жоғарыға шығарғың келеді атымды
Ешкімге бермей сақтайсың менің затымды
Сездіресің маған алысты да жақынды
Жоғарыға шығарғың келеді атымды
Ешкімге бермей сақтайсың менің затымды