Қазір саған жүрегімдегіні айтам,
Шабытымды саған бір қарасам байытам.
Сенің қолдауыңмен айды да алып қайтам,
Сенсіз атса күнім маған ол жәй таң.
Өзіңсіз қаншама уақыт құрттым,
Өзіңмен қаншама нәрсе ұқтым.
Осы күндерді берсе деп күттім,
Бәрінен ең әдемі менің жүктім!
Сенің көзіңде мен сүйетін қарашық,
Тек өзіңе ғана тұратын жарасып.
Өзгертпейді ешкім тағдырды бал ашып,
Сені маған тәңір жұп қылды жаратып.
Екеуміз емес, өзгерді айнала!
Біздікіндей сезім айтшы, тағы қайда бар?
Өзіңе қараймын - қарағандай айнаға,
Шын ғашықтар ол - сезімдерін айта алар.
Екеуміз емес, өзгерді айнала!
Біздікіндей сезім айтшы, тағы қайда бар?
Өзіңе қараймын - қарағандай айнаға,
Шын ғашықтар ол - сезімдерін айта алар.
Әр сәтті әнге салып жырладың,
Қолымнан ұстап кері қанша құладың.
Қалды артта бізге берген сынағы,
Керегі тек разылығың, жұмағым!