Маған қарап шыныңды айтшы
Маған қарап шыныңды айтшы
Менің ойымша, сен мені шынымен де шын сүйетін секілдісің
Екі жаққа бұйраланған кекілдісің
Енді қолымнан келетіндей секілді ісім
Сен қалжыңдасаң көрінеді 27 тісім
Менің ойымша бізде қызық таусылмайды
Бізді ұнатады - кейбіреулер жақтырмайды
Менің ойымша адамда ұзақ бақ тұрмайды
Болашақта мендей саған, сендей маған таптырмайды
Менің ойымша көзге көп зат көрінбейді
Біздің сезінгенді, бәлкім, ешкім сезінбейді
Ересек болсақ та бірге өсетін секілдіміз
Әлемді аралайтын бар секілді ниетіміз
Маған қарап шыныңды айтшы
Маған қарап шыныңды айтшы
Мен өзіңді бақытқа бөлеймін
Сол бақытты жаным саған сездірем
Менің ішімде де сенікіндей көбелек
Ертеңгіден аз, кешегіден көбірек
Маған қарап шыныңды айтшы
Маған қарап шыныңды айтшы