LyricFind Logo
LyricFind Logo
Profile image icon
Lyric cover art

Korgim Keledi

•

2023

Korgim Keledi

Apple Music logo
Deezer logo
Spotify logo
Lyrics
Көрмегелі қанша, көріспегелі қанша,
Кездеспегелі қанша күн өтті?
Өткен күн елес болса, өкініш емес онша,
қинайды бірақ сонша жүректі.

Ілініп сенің нәп-нәзік кірпігіңе,
Көңілім менің алданып жүрді ме?
Сонымен бірге ғайып болып кетті мүлде.

Көруге сені көзімнің жоқ амалы,
Мазасыз мендік сезімнің қалауы,
Өзіме тіпті бағынбайтын боп барады.

Мейлі болсаң да бағы өзгенің,
Сені іздейді әлі көздерім,
Мені алдайды үміт сыйлап,
Келемін деген соңғы сөздерің.

Мейлі болсаң да бағы өзгенің,
Сені іздейді әлі көздерім,
Неге алдайды үміт солай
Ойлаймын әлі ұмыта алмай, ұмыта алмай, ұмыта алмай


Махаббатың қайда? Сағынатының қайда?
Табылатының қайда қасымнан?
Сол бақыт толы сөзің, сол уақыттағы сезім,
Жүрегіңдегі сенің басылған.

Ілініп сенің нәп-нәзік кірпігіңе,
Көңілім менің алданып жүрді ме?
Сонымен бірге ғайып болып кетті мүлде.

Көруге сені көзімнің жоқ амалы,
Мазасыз мендік сезімнің қалауы,
Өзіме тіпті бағынбайтын боп барады.

Мейлі болсаң да бағы өзгенің,
Сені іздейді әлі көздерім,
Мені алдайды үміт сыйлап,
Келемін деген соңғы сөздерің.

Мейлі болсаң да бағы өзгенің,
Сені іздейді әлі көздерім,
Неге алдайды үміт солай
Ойлаймын әлі ұмыта алмай, ұмыта алмай, ұмыта алмай

WRITERS

Жуматай Манарбек Нурлыбекулы, Нуржан Салимов

PUBLISHERS

Lyrics © Broma 16

Share icon and text

Share


See A Problem With Something?

Lyrics

Other

More From This Album

Lyric cover art

Korgim Keledi

2023

01

Korgim Keledi

Mona Songz