Білесің бе, екеуміз кешкен күн жүр есімде?!
Бақытты сезімнен жанарың алаулаған.
Білесің бе, қоштасып кеткен түн тұр есімде?!
Мәңгі бір болудың амалын таба алмаған.
Қанша жан жолықтырдым, бірақ,
Сүйкімді болып тұрды, бірақ,
Бәрібір мен үшін жаным-ау, сендей болмайды.
Ешкім де сендей болмайды.
Білесің бе, бақытқа бөлейсің түсіме кіресің де?!
Жабырқап қаламын өкініп оянғанда.
Білесің бе, үйреніп келемін тағдырмен күресуге?!
Жағымды жайларды толтырып ой-арманға.
Қанша жан жолықтырдым, бірақ,
Сүйкімді болып тұрды, бірақ,
Бәрібір мен үшін жаным-ау, сендей болмайды.
Ешкім де сендей болмайды.